Футбол

Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Адиевпен кездсті

Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Адиевпен кездсті
instagram.com/kff_team

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Мәскеуде Магомед Адиевпен кездесті. Оның барысында мамандар ұлттық командаға қатысты маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚФФ.

Талқыланған мәселелер ішінде өткен Еуро-2024 турниріне іріктеу циклі бойынша ойыншыларға сараптама жасау мен құраманың алдағы іріктеуге қатысу мүмкіндігі басты назарға алынды.

Черчесов ұлттық команда негізін қалыптастыруда әрбір ойыншы бойынша толық ақпарат жинау маңыздылығын атап өтті.

Адиев жаңа бапкерлік штаб көмегінмен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирлерде жақсы өнер көрсете алады деген сенімде екенін айтып, жаңа циклде сәттілік тіледі.

Басқа спорттық жаңалықтар