Кәсіби бокс

Белгілі боксшы курьерді көшеде ұрып құлатты

Белгілі боксшы курьерді көшеде ұрып құлатты
Fight.ru

Аты шыққан британиялық боксшы Дерек Чисора көшеде курьермен төбелесті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Чисора екі қызымен Лондон көшелерінің бірінде түстеніп отырған. Осы кезде олардың қастарынан курьер өтіп бара жатады. Дерек сыпайы түрде курьерге көлігінен түсіп, жаяу жүруін сұраған екен. Өйткені ол тар көшеде балалар мен үй жануарларын қағып кетуі мүмкін еді. Алайда курьер жігіт дөрекі жауап берсе керек, осылай Чисорамен жаға ұстасып қалады. Ашуланған боксшы қарсыласын баспен ұрып құлатады.


Басқа спорттық жаңалықтар