УЕФА Чемпиондар Лигасы

Бүгін "Ордабасы" Чемпиондар лигасында молдовалық клубпен қарымта матч өткізеді

Бүгін
Sports.kz

Бүгін, 17 шілдеде шымкенттік "Ордабасы" Чемпиондар лигасына бірінші іріктеу раунды аясында молдовалық "Петрокубпен" қарымта матч өткізеді.

Кишеневте өтетін кездесуге сербиялық Милош Миланович төрелік етеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 22:00. Qazsport матчті тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Шымкентте өткен бірінші матч 0:0 есебімен аяқталды. Егер шымкенттіктер "Петрокубты" ұтса, кипрлік АПОЭЛ командасымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар