Футбол

"Реал" бас бапкер Анчелоттиге қатысты күтпеген шешім қабылдады

"Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти мадридтік клубта қалуы ықтимал. 


Журналист Рамон Альварестің мәліметінше, мадридтік клубтың басшылығы италиялық маманға жаңа келісімшарт ұсыныпты. Қазіргі таңда бапкер мен клуб басшылығы 2023/24 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр екен. 


Айта кетейік, мұның алдында Анчелотти биылғы маусым аяқталысымен "Реалдан" кетіп, Бразилия құрамасын жаттықтыратыны хабарланған болатын. 


Еске салайық, Анчелотти "Реалды" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Мадридтік клуб 64 жастағы мамынның жетекшілігімен 10 титул жеңіп алған - Чемпиондар лигасын екі рет, клубтық әлем чемпионатын екі рет, Еуропа суперкубогін екі рет, Испания кубогін екі рет, Ла Лиганы бір мәрте және Испания суперкубогін. 

Басқа спорттық жаңалықтар