Кәсіби бокс

Головкиннен жеңілген боксшы карьерасын аяқтады

Головкиннен жеңілген боксшы карьерасын аяқтады
boxrec.com

Орта салмақта (72,6 килоға дейін ) екі дүркін әлем чемпионы болған америкалық Дэниел Джейкобс (37-5, 30 KO) мансабын аяқтады. Бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады. "Мен мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Боксқа разымын, менің өмірімді өзім елестете алмайтындай дәрежеде өзгертті, құндылықтарын бойыма сіңірдім. Мен қазіргі деңгейіме бокс арқылы көтерілдім", - деп жазды Джейкобс.

Дэниел Джейкобс қазір 37 жаста. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2007 жылы бастаған. 2014 жылы WBA атағын иеленіп, төрт рет сәтті қорғады.

2017 жылы отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, лайықты қарсылық көрсете білді. Жекпе-жек соңына дейін жалғасып, GGG төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар