Футбол

Англия құрамасының бас бапкері Еуродан кейін қызметінен кетті

Англия құрамасының бас бапкері Еуродан кейін қызметінен кетті
Reuters

Футболдан Англия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Гарет Саутгейт қызметінен кетті. Бұл туралы Англия футбол қауымдастығы (FA) хабарлады.

«102 ойыннан және сегіз жылдық жұмысынан соң Гарет Саутгейт бас бапкерліктен кететінін мәлімдеді», — делінген ұйымның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Гарет Саутгейт қызметінен кету жайлы шешімді өз еркімен қабылдаған. Ол ағылшындармен қатарынан екі рет Еуропа чемпионатының финалына жеткен. Алайда финалдағы екі ойында да қарсыластарына есе жіберді.

Басқа спорттық жаңалықтар