Футзал

Бүгін "Аят" футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі раундындағы бірінші матчін өткізеді

Бүгін

Бүгін, 26 қазанға қараған түні қазақстандық "Аят" клубы футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі раунды аясында бірінші матчін өткізеді. 


Қарсылас хорватиялық "Олмиссум" болады. Кездесу Омише (Хорватия) қаласында өтеді, басталуы Астана уақытымен түнгі он екі.


Бұл матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Сонымен қоса, трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді болады. 


Сондай-ақ, бұл топта португалиялық "Спортинг" пен украиналық ХИТ командалары да бар. "Аят" өнер көрсетіп жатқан "А" жолында элиталы раундқа топтан алғашқы үш команда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар