ММА

UFC чемпионы келесі жекпе-жегін Рамазанға дейін өткізбек

UFC чемпионы келесі жекпе-жегін Рамазанға дейін өткізбек

Жеңіл салмқата UFC чемпионы дағыстандық Ислам Махачев келесі жекпе-жегін 2024 жылы өткізбек. 


Бұл туралы чемпионның өзі ТАСС тілшісіне айтыпты.


"Рамазан айына дейінгі келесі турнир наурызда өтеді, сонда шығуға болады. Көреміз", - дейді Махачев. 


Еске салайық, 21 қазанда өткен UFC 294 турнирінде Махачев аустралиялық Александр Волкановскиді бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл Исламның чемпиондық титулын екінші рет сәтті қорғауы болды. 

Басқа спорттық жаңалықтар