2024 Париж Олимпиадасы

ХОК ресейлік спортшыларды Париждегі 2024 Олимпиадасына өткізуге шешім қабылдады

ХОК ресейлік спортшыларды Париждегі 2024 Олимпиадасына өткізуге шешім қабылдады

Өз спорт түрлеріне қатысатын ресейлік спортшылар 2024 жылы Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарына қатыса алады. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мәлімдемесіне сәйкес, олар жарыстарға бейтарап мәртебедегі жеке спортшылар ретінде қатысады.

Олимпиададағы барлық басқа спортшылар сияқты, бейтарап мәртебедегі жеке спортшылар да Олимпиада ойындарында қолданылатын ережелер мен нұсқауларды, соның ішінде допингке қарсы ережелерді сақтауы керек. Барлық басқа спортшылар сияқты, олар да Париж-2024-ке қатысты жаңартылған қатысу шарттарына қол қоюы керек. Бұл Олимпиадалық Хартияны, соның ішінде "Олимпиадалық қозғалыстың бейбіт миссиясын" құрметтеу міндеттемесін қамтиды", - деп толықтырады комитет өзінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде.



Дереккөз: olympics.com

Басқа спорттық жаңалықтар