ММА

Шавкат Рахмонов жекпе жек алдында қарсыласын қорқытты

Шавкат Рахмонов жекпе жек алдында қарсыласын қорқытты

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов өзінің келесі қарсыласы, американдық Стивен Томпсонның 16 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегі туралы жақында айтқан сөзіне жауап берді.

Бір сұхбатында Томпсон Рахмоновтың стойкадағы жұмысына баса назар аударудан гөрі, көп күрес пен грэпплингті күтетінін айтты. Шавкат қарсыласына октагондағы қабілеттерінің әмбебаптығын еске салды.

— Томпсонның жекпе-жекте өзін қалай ұстайтынын көрейік. Бірақ менің стойкадағы дағдыларым одан жаман емес деп ойлаймын. Мен оны тұрыста ұра аламын деп ойлаймын. Оның жекпе-жектерін көрдім. Мен атап өткенімдей, ол соққыларды өткізіп тұрады. Ол ешқашан тұншықтырғышпен жеңілген емес, тек Энтони Петтис оны нокаутпен жеңді", — деді "Номад" Morning Kombat-қа берген сұхбатында.



Дереккөз: sports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар