Футбол

Гарри Магуайр — қараша айында АПЛ-дың үздік ойыншысы

Гарри Магуайр — қараша айында АПЛ-дың үздік ойыншысы

"Манчестер Юнайтедтің" қорғаушысы Гарри Магуайр қараша айының қорытындысы бойынша Ағылшын премьер-лигасының үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

30 жастағы футболшы қараша айында Юнайтедтің барлық үш кездесуіне қатысты, олардың әрқайсысында Гарри алаңда 90 минут өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Эрик тен Хагтың шәкірттері "Фулхэм" мен "Лутон Таунды" 1:0 есебімен жеңді, сонымен қатар "Эвертонды" үлкен есеппен (3:0) жойып жіберді.

15 турдан кейін "Манчестер Юнайтед" өз активінде 27 ұпайға ие және чемпионаттың турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.

Осы маусымда ағылшын "Манчестер Юнайтедте" барлық турнирлерде 15 матч өткізді, онда ол бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет-порталының ақпараты бойынша ойыншының нарықтық құны €20 млн.



Дереккөз: championat.com

Басқа спорттық жаңалықтар