Футбол
«Тұранның» жартылай қорғаушысы басқа командаға өтті
Sports.kz
28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші «Тұраннан» кетіп, ақтаулық «Каспий» сапына қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Ойыншымен келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. Самат Шәмші осы маусымда «Тұран» сапында 6 кездесу өткізді.
Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қыран» командаларында өнер көрсеткен.