Теннис

Данилина жұптық сында Будапешттегі WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті

Данилина жұптық сында Будапешттегі WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Будапешттегі (Мажарстан) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұпта алғашқы кездесуін чехиялық Анастасия Децюк пен нидерландылық Бибиана Схоофс дуэтімен ойнады. 

Қазақстандық-ресейлік жұп бұл матчте айқын басым болады — 6:2, 6:1. Бір сағатқа созылған кездесуде Данилина мен Хромачева 8 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Децюк — Схоофс 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Данилина мен Хромачеваның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар