Футбол

Америкалық компания ПСЖ клубының акцияларын сатып алды

Америкалық компания ПСЖ клубының акцияларын сатып алды
sportx

ПСЖ футбол клубы акциясының 12,5 пайызын америкалық Arctos Partners компаниясына сатты. Келісмшарт құны 4,25 миллиард еуроны құрайды, деп жазады "Спорт-Экспресс"

Алайда компания футбол клубының стратегиясына араласпайды. Arctos Partners әйелдер командасына назар салып, инфрақұрылымға жәрдемдеседі.

Бұған дейін АҚШ компаниясы «Ливерпуль», «Аталанта», «Портленд», «Реал Солт Лейк» және «Юта» футбол командалары, сонымен қоса, хоккейден «Тампа-Бэй», «Миннесота», «Нью-Джерси», «Питтсбург» клубтары мен баскетболдан «Голден Стэйт», «Сакраменто», «Юта» және «Филадельфия» сияқты баскетбол командаларына ақша құйған.

Басқа спорттық жаңалықтар