Теннис

Денис Евсеев Швециядағы ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Денис Евсеев Швециядағы ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші (№160) Денис Евсеев Бостадтағы (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында франциялық (№290) Мануэл Гинармен ойнады.

Бірінші партияда Гинар 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте Евсеев камбэк жасады – 6:4, 6:3.

2 сағат 15 минутқа созылған матчте Денис 5 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Гинар 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Басқа спорттық жаңалықтар