Теннис

Зарина Дияс WTA рейтингінде бірден 264 сатыға көтерілді

Зарина Дияс WTA рейтингінде бірден 264 сатыға көтерілді
ҚТФ

Ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін кортқа оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс жуырда ғана аяқталған "Уимблдон" жарысының іріктеуінде сәтті өнер көрсетті. Негізгі кезеңге өте алмаса да, бастапқы іріктеуде сенсация жасай білді.

Зарина алғашқы ойында тай қызы Мананчае Савангкаевты, одан кейін америкалық Сачия Викериді ұтты. Алайда іріктеудің финалында қытайлық Чжу Сян Байға жол беріп алды. Екі бірдей сенсациялық жеңісінің нәтижесінде қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 264 саты жоғарылап, 702-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биылғы "Уимблдон" жарысында чех спортшысы Барбора Крейчикова чемпион атанды. Ол жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны ұтып, финалға шыққан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар