0

Қазақстандық қыз шахматтан Батыс Азияның абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық қыз шахматтан Батыс Азияның абсолютті чемпионы атанды
Instagram/ Зейнеп Сұлтанбек

Қазақстандық шахматшы Зейнеп Сұлтанбек Батыс Азия (Коломбо, Шри-Ланка) чемпионатының қыздар арасындағы абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

"Оңтүстік Қазақстан облысының шахматшысы жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдылығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті, ал финалда блицте үздік атанды. Нәтижесінде – үш алтын медаль!", - делінген хабарламада. 

Ал ұлдар сайысында Қазақстан намысын астаналық шахматшы Әлішер Мажкенов қорғады.

"Классикалық турнирде Әлішер соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, өкінішке қарай, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, мұны сәтсіздік деп атауға болмайды. Қазақстандық шахматшы блицте төртінші орынға ие болды", - делінген хабарламада.

Басқа спорттық жаңалықтар