Футбол

Сауд Арабиясында Мессиді ел чемпионатына қосу туралы пікір айтылды

Сауд Арабиясында Мессиді ел чемпионатына қосу туралы пікір айтылды
"Интер Майами" ФК

Сауд Арабиясы кәсіпқой футбол лигасының техникалық директоры Майкл Эменало аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді қуана қарсы алатынын, алайда оның кез келген шешімімен құрметтейтінін айтады.

"Оның МЛС-те жүру себептері - бұл мен жауап бере алмайтын сұрақтар. Егер келесі маусымда ол бізге келгісі келсе, біз оны қуана қарсы аламыз. Ал егер МЛС-те қалғысы келсе, ол үшін қуанышты боламыз. Саудиялық кәсіпқой лига келем дейтін кез келген супержұлдыз үшін ашық", - деп береді Эменалоның сөзін Goal порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Басқа спорттық жаңалықтар