Футбол

Нұралы Әліп "Зенит" сапынан ешқайда кетпейді

Нұралы Әліп
"Зенит" ФК

Петеборлық «Зенит» қысқы трансфер кезінде ешбір ойыншымен қош айтыспақ емес. Команда үздіктері осы маусымда Ресей чемпионаты мен кубогының бас жүлдесін жеңіп алуға көмектесуі керек делінген клуб баспасөз қызметінің арнайы мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдеме қазақстандық футболшы Нұралы Әлімке де қатысты. Қазақстан құрамасының ойыншысы ресейлік клуб сапына 2022 жылы қосылған болатын. Содан бері 22 матчқа қатысты, алайда нәтиделі әрекетімен ерекшеленбеді.

Нұралы мен "Зенит" арасындағы қазіргі келесімшарт 2025 жылдың маусым айына дейін жасалған.

Transfermarkеt порталы қазақстандық футболшының трансферлік құнын 2 миллион долларға бағалауда.

Айта кетейік, жуырда Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін деген қауесет БАҚ-та ұзақ талқыланған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар