Гимнастика

Олимпиадада қазылық етеді. Қазақстандық екінші төреші Парижге жолдама алды

Олимпиадада қазылық етеді. Қазақстандық екінші төреші Парижге жолдама алды
connexionfrance

Қазақстандық төреші Тимур Әмірбеков Халықаралық гимнастика федерациясынан ( FIG ) 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканы төрелік етуге шақырту алды, деп хабарлайды Қазақстан олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл қазақстандық маман қазылық ететін төртінші жазғы Олимпиада ойындары болмақ.

Бұған дейін Тимур Әмірбеков 2004, 2012 және 2016 жылғы төртжылдықтың басты додаларында төреші болған.

Айта кетейік, осыған дейін көркем гимнастикадан қазақстандық өзге төреші Алуа Бектұрова да Париж Олимпиадасына шақырту алған еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар