Құрлықтық хоккей лигасы

"Барыстың" ресейлік клубтан ұтылған матчінде төбелес болды

ҚХЛ тұрақты чемпионатының Екатеренборда өткен "Автомобилист" пен "Барыс" арасындағы матчте төбелес болды. 


Екінші кезеңнің 15-минутында қазақстандық Әлихан Әсетов Кертис Волкты бортқа итеріп жіберді, осыдан кейін "Автомобилист" хоккейшісі Брукс Мэйсек Әсетовпен төблесе кетті. 


Осыған байланысты Әстеов фол үшін екі минутқа және төбелес үшін бес минутқа шеттелумен жазаланды. Ал төбелес шығарғаны үшін Мейсек бес минутқа және тәртіптік айыппұл ретінде тағы он минутқа шеттелді. 


Ал матчтің өзі  5:2 есебімен мұзайдын қожайындарының пайдасына аяқталды. Осылайша, "Барыс" ҚХЛ-де қатарынан екі жеңістен кейін тағы ұтылып қалды. 

Басқа спорттық жаңалықтар