Теннис

Скатов ATP 250 турнирінің іріктеу сынын сәтті бастады

Скатов  ATP 250 турнирінің іріктеу сынын сәтті бастады
Instagram/@skatov_timofey

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бастадтағы (Швеция) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарында 1-ракетка болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған италиялық Маттео Гигантені ойсырата ұтты – 6:1, 6:0. Бір сағатқа жуық уақытта Скатов 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Гиганте 2 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.

Енді Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 158-ракеткасы, тағы бір италиялық Андреа Пеллегриномен ойнайды. Оны ұтқан жағдайда қазақстандық негізгі жарысқа жолдама алады.

Басқа спорттық жаңалықтар