Футбол

UEFA еуропалық клубтар рейтингін жаңартты

UEFA еуропалық клубтар рейтингін жаңартты
AP / Jon Super

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) жаңа маусым алдында клубтардың рейтингін жаңартты. Тізімде Англияның "Манчестер Сити" командасы көш бастап тұр.

Өткен маусымда Чемпиондар лигасын ұтқан "Реал Мадрид" екінші орыннан көрінсе, "Бавария" үштікті түйіндеген.

1. "Манчестер Сити" – 123.000

2. "Реал Мадрид" – 119.000

3. "Бавария" – 108.000

4. "Ливерпуль" – 96.000

5. "Рома" – 90.000

6. "ПСЖ" – 85.000

7. "Вильярреал" – 82.000

8. "Боруссия Дортмунд" – 79.000

9. "Челси" – 79.000

10. "Интер" – 76.000.

Қазақстандық клубтар арасында "Астана" 144-орынға тұрақтаған. "Тобыл" – 176, "Қайрат" - 219, "Ордабасы" – 345, "Шахтер" – 355, "Ақтөбе" – 365, "Қызылжар" – 372 және "Қайсар" командасы 387-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, алдағы маусымдағы Чемпиондар лигасы жаңа форматта өтеді. Ал осы аптада жарыстың бірінші іріктеу кезеңі басталды.

Басқа спорттық жаңалықтар