Футбол

Килиан Мбаппе франциялық футбол клубын сатып алмақ

Килиан Мбаппе франциялық футбол клубын сатып алмақ
Lisi Niesner / Reuters

Франция ұлттық құрамасы мен "Реалдың" жаңа шабуылшысы Килиан Мбаппе бала кезде ойнаған командасы "Канды" (Франция) сатып алмақ ниетте. Бұл туралы журналист Даниэль Риоло хабарлады.

Мбаппенің отбасы клубты сатып алу жайын қарастырып жатыр. Олар осылайша америкалық компаниялар сияқты қаржылық әлеуетін арттырғысы келеді, - деді Риоло RMC Sport-қа берген сұхбатында.

"Кан" Францияның бірінші лигасында бірнеше жыл ойнады. 2019 жылы екінші лигаға түскеннен қайта оралмады. Клубтың нарықтағы құны 25 млн еуроны құрайды. Мбаппе бала кезінде осы клубтың академиясында тәлім алған.

Басқа спорттық жаңалықтар