2024 Еуропа Чемпионаты

Испания Еуопа чемпионатын төртінші рет ұтып алды

Испания Еуопа чемпионатын төртінші рет ұтып алды
x.com/EURO2024FRA

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының шешуші матчінде жеңіске жетті де, абсолют рекорд орнатты.

Испания мен Англия арасындағы финал Берлиндегі "Олимпиаштадион" алаңында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Командалар бірінші таймда бір-бірен гол сала алмады, алайда екінші таймда нағыз шоу жасады. 47-минутта бильбаолық "Атлетико" сапында өнер көрсететін Нико Уильямс есеп ашты.

Англияға есепті теңестіру үшін жарты сағаттай уақыт қажет болды: 73-минутта Коул Палмер алаңға шыға сала гол салды.

Ал енді финал тағдырын тағы да алаңға жаңа шыққан футболшы шешті. Микель Оярсабль қапталдан ұшқан допты қақапаға дәл бағыттап, Испанияға рекордтты трофей - тарихтағы төртінші титулды жеңіп алып берді.


Басқа спорттық жаңалықтар