Футбол

Месси мен Роналудың басты айырмашылығы айтылды

Месси мен Роналудың басты айырмашылығы айтылды

Ауыр салмқата әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық боксшы Энтони Джошуа (26-3, 23 КО) футболдың екі жарық жұлдызы - Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасында таңдау жасады. 


Men’s Health журналына берген сұхбатында ол бокстан бөлек қандай спортшыға тамсанатыны жайлы айтқанда: "Тамаша сұрақ, Криштиану Роналдуды таңдаймын" деп жауап берді.


- Мессиден артық тамсанасыз ба?


- Екеуі де ұлы. Бірақ меніңше, Месси табиғатынан тума спортшы, ал Роналдуға көп еңбектенуге тура келді. Әлбетте, екеуі де көп тер төгеді, бірақ Роналдуға көбірек жұмыс істеу қажет болды және ол істеді де. 

Басқа спорттық жаңалықтар