Паразиада-2022

Ханчжоуда екі қазақстандық балуан алтын үшін белдесті

Ханчжоуда екі қазақстандық балуан алтын үшін белдесті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында J1 санатынағы (зағип спортшылар) дзюдошлылардың финалдық белдесуі өтті. 


73 келіде алтын үшін белдесуде екі Қазақстандық балуан - Ерғали Шәмей мен Асылан Нұрдәулетов қарсы келіп қалды.


Бұл белдесуде "иппон" әдісімен Ерғали Шәмей таза жеңіске жетіп, Азия пара ойындарының жеңіпазы атанды. Нұрдәулетов сәйкесінше күміс жүлдегер атанды. 


Айта кетейік, Ерғали парадзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионы және 2023 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы. 


Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 13 жүлде бар - үш алтын, бес күміс және бес қола. 

Басқа спорттық жаңалықтар