Футбол

Ферран Торрес "Барселонадан" кетпек

Ферран Торрес
Twitter

Каталондық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы  Ферран Торрес қысқы трансферлік кезеңде командадан кетуі ықтимал.

AS порталының мәліметінше, испаниялық команданың бас бапкері Хави ойыншыға келесі маусымда сенім артып отырған жоқ екен. 

Ал футболшының өзі ойынға аз шығып жатқандықтан Испания құрамасындағы орнын жоғалтып алудан қорқатын көрінеді. Осы себепті ол басқа клубқа ауысуға дайын.

Биылғы маусымда 23 жастағы футболшы каталондықтар үшін 14 матчке қатысып үш гол салған.

Басқа спорттық жаңалықтар