Футбол

«Челсиді» ұтқан «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде көтерілді

«Челсиді» ұтқан «Манчестер Юнайтед» турнир кестесінде көтерілді
Instagram/manchesterunited

Англия чемпионатының 15-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Челси» командасын ұтты. 

«Олд Траффорд» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 

Алаң қожайындары сапында Скотт Мактоминей дубль жасады. Ал «Челси» сапынан Коул Палмер бір гол салды. 

Осы матчтен кейін «Манчестер Юнайтед» 27 ұпай жинап алтыншы орынға көтерілді, турнир кестесінде, «Челси» 19 баллмен оныншы орында қалды.

Келесі турда «Манчестер Юнайтед» командасы «Борнмутпен», ал «Челси» клубы «Эвертонмен» ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар