Жұмағұлов NAIZA 55 турнирін кімге өзінен артық уайымдағанын айтты
Астанада өткен отандық лиганың турнирінде өнер көрсеткен Жалғас Жұмағұлов өзінің әріптестері үшін қатты уайымдайтынын айтты.
Бұл турнирде Жако Жапония елінің өкіліқ Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутпен жеңді.
ЖЕкпе-жектен кейін журналистердің бірі Жалғастын "тура саған дейін жұдырықтасқан жасы кіші жолдасың Нұрбек Қабдырахмановтың жеңісі оң әсер етті ме?" деген сұрақ қойды. Жалғас микрафон алдында ойын ашық айтты:
"Әлбетте! Мен өзімнен гөрі Нұрбек үшін қатты қобалжыдым. Жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Ол өте мықты және тәрбиелі жігіт. Ол осы белбеуге лайықты", - дейді Жұмағұлов.
Еске салайық, бұл турнирде Нұрбек Қабдырахманов AMC Fight Nights ұйымының бұрынғы чемпионы Мухаммед Эминовты жеңіп, жартылай жеңіл салмқта чемпион атанды.