0

Қазақстандық бұрымды гандболшылар Конгомен матчтегі жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстандық бұрымды гандболшылар Конгомен матчтегі жеңісті уысынан шығарып алды
РИА Новости

Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы жеңісті уысынан шығарып алды.

Әрбір топта төртінші орныдағы командалар Президент кубогында екі топқа бөлінген болатын. Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түсіп, Испаниядан (17:34), Бразилиядан (16:46), Украинадан (24:37) ұтылғды.

Енді Қазақстан екінші топта Чили, Иран, Конго Республикасымен ойнайды. Конголықтармен матч кеше, 6 желтоқсанда өтті. Бұл матчте  қазақстандық бұрымды гандболшылар 36:37 есебімен ұтылды. 

Құрамалар 25-32 орындар үшін таласқа түседі.

Қазақстан командасы енді 9 желтоқсанда Чили, 11 желтоқсанда Иранмен кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Әіем чемпионаты 17 желтоқсанда аяқталады.

Басқа спорттық жаңалықтар