Гимнастика

Париж Олимпиадасына қазақстандық төреші шақырту алды

Париж Олимпиадасына қазақстандық төреші шақырту алды
Қазақстанның гимнастика феедрациясы

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі төреші Алуа Бектұрова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына шақырту алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық көркем гимнастика федерациясы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Алуа Бектұрова да бар. 

Айта кетейік, Алуа бұған дейін Испанияда өткен әлем біріншілігінде төрелік еткен болатын. Халықаралық федерация оның жұмысын жоғары бағалап, техникалық комитет арнайы алғыс хатпен марапаттаған. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/sport/96258/

Басқа спорттық жаңалықтар