Футбол

Жоау Феликс жалға барған каталондық клубта қалғысы келеді

Жоау Феликс жалға барған каталондық клубта қалғысы келеді
AFP

«Барселонада» жалда жүрген «Атлетико» шабуылшысы Жоау Феликс болашағына қатысты бір шешімге келді.

AS мәліметінше, футболшы биылғы маусым соңында аяқталатын жалға алу келесімшарты біткенде каталондық клубта қалғысы келеді. Каталондықтар да оны толықтай сатып алуға ниетті, алайда нақты шешімді маусым соңында қабылдайды.

Биылғы маусымда 23 жастағы форвард 17 матчке қатысып, бес гол салды және үш нәтижелі пас берді. Оның мадридтік «Атлетикомен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.

Басқа спорттық жаңалықтар