Футбол
«Қызылжар» қорғаушысы карьерасын «Жеңісте» жалғастыруы мүмкін
Петропавлдың «Қызылжарының» қорғаушысы Алдайыр Әділов мансабын елордалық «Жеңіс» сапында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы елордалық командаға Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында келіп, алғашқы жаттығуын сол жерде өткізді.
Әділов Алматы қаласының тумасы, Астананың және Барселонаның Марсет командасының түлегі 2020 жылы Минск Энергетик-БГУ-ның қосалқы командасында өнер көрсетті.
Ал Астананың негізгі құрамында 1 матч өткізді. «Қызылжар» жейдесінде қорғаушы 8 ойын өткізіп, 1 гол соқты.