ММА

Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі белгіленді

Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі белгіленді
Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін өте жеңіл салмақтағы Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін алдағы жылы өткізеді.

UFC-дегі екінші жекпе-жегін Асу 9 наурыз Майамиде UFC 299 турнирінде өткізеді. Қарсылас америкалық Си Джей Вергара болады. Алмабаев UFC-де алғашқы жекпе-жегін биыл тамызда өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды мерзімінен бұрын жеңді. Бірақ қыркүйек айының соңында Алмабаев жарақат алып қалған болатын.

Алмабаевтың екінші жекпе-жегі туралы оның ісін жүргізетін First Round Management компаниясы хабардар етті.

Басқа спорттық жаңалықтар