Футбол

Роналдудың клубы тәжікстандық командадан ұтылып қала жаздады

Роналдудың клубы тәжікстандық командадан ұтылып қала жаздады
vseprosport.ru

Саудиялық "Әл-Наср" азиялық Чемпиондар лигасы матчінде тәжікстандық "Истиклолмен" тең түсті.

Душанбеде өткен Е тобындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Алаң иелерінен 32-минутта Алишер Джалилов есеп ашты. Алайда 50-минутта Абдурахман Гариб есепті теңестіріп кетті.

Бұл ойынға саудиялықтардың жұлдызы Криштиану Роналду қатыспағанын айта кетейік.

"Әл-Наср" топта бірінші орынмен (14 ұпай) плей-офф кезеңге өтті. "Истиклол" үш баллмен топта соңғы.

Басқа спорттық жаңалықтар