Футбол

"Милан" Германияның титулы ең көп ойыншысына көз тігіп отыр

UA-Football

Италиялық "Милан" клубы Германия құрамасы мен мюнхендік "Баварияның" әмбебап ойыншысы Томас Мюллерге көз тігіп отыр екен. Бұл туралы журналист Кристиан Фалькке мәлімдеп отыр.

Германияның футбол тарихында ең көп титул иеленген Мюллердің мюнхендік клубпен келісімшарты биыл аяқталады. Осыған орай "Милан" 34 жастағы футболшыны еркін агент статусында сапына қосып алуға үмітті.

Алайда "Баварияның" спорт директоры Кристиан Фрейнд футболшымен келісімшартты ұзарут бойынша келіссөздер жүріп жатқанын айтқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар