Футбол
Қазақстандық бұрымдылар Ұлттар лигасы матчінде ірі есеппен жеңіске жетті
ҚФФ
Футболдан Қазқастанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы турда ірі есеппен жеңіске жетті.
"Астана Аренада" Арменияға қарсы өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
40-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова есеп ашты. 8 минут өте Аида Гайстенова есепті еселеді. 58-минутта Мясникова екінші дубль авторы атанды. 68-минутта армениялықтардан Клаудия Чолакян пеналтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқарта алды. Ал 71-минутта Камила Құлмағамбетова матч есебіне нүкте қойды.
Алты тур қорытындысы бойынша Мадияр Кембілов жаттықтыратын команда С4 тобында 8 ұпаймен үшінші орында. Израиль (16 ұпай) көш бастаса, Эстония (10 ұпай) екінші сатыға жайғасты. Ал бірде-бір ұпайы жоқ Армения топта соңғы.