Теннис

Биыл екі турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші маусымды қорытындылады

Биыл екі турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші маусымды қорытындылады
olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын айтты,  деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті. Әуелі маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды.

Одан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті ұтты.

"Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен жыл бойы қиындықтар болмай қалған жоқ. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көре алдым. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім", - дейді Александр.

Басқа спорттық жаңалықтар