ММА

Чимаев тізімнен шағарылған соң Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарлады

Чимаев тізімнен шағарылған соң Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарлады

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC рейтингінде жоғарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.


Жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингінде Рахмонов бесінші сатыға жайғасқан. Ал қазақстандықтың келесі қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-6-1) алтыншы орынға көтеріліпті.



Рейтигте өзгеріс Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінен соң, Хамзат Чимаевтің жартылай орта салмақ рейтингінен шығарылғаннан кейін болды. 


Айта кетейік, швециялық файтер Камару Усманмен орта салмақта айқасты.


Еске салайық, Рахмонов - Томпсон жекпе-жегі 17 желтоқсан UFC 296 турнирінде өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар