2024 Еуропа Чемпионаты

Харри Кейн Еуро-2024 турнирінде рекорд орнатты

Харри Кейн Еуро-2024 турнирінде рекорд орнатты
AFP

Англия футбол құрамасының капитаны Харри Кейн 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тарихи рекорд орнатты.

Кейн Еуро-2024 турнирінің жартылай финалындағы Англия – Нидерланд матчының 18-минутында пенальтиден гол соқты.

Opta агенттігінің жазуынша, бұл Кейннің Еуропа чемпионатының барлық плей-офф кезеңіндегі алтыншы голы. Ол турнирдің плей-офф кезеңінде ең көп гол салған футболшы атанды.

Осыған дейін бұл рекорд Франция құрамасының ойыншысы Антуанн Гризманнға тиесілі еді. Оның қоржынында 5 гол бар.

Басқа спорттық жаңалықтар