2024 Париж Олимпиадасы

Олимпиада алдында әлеуметтік желісі ең көп оқылатын спорт түрлері анықталды

Олимпиада алдында әлеуметтік желісі ең көп оқылатын спорт түрлері анықталды
olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Туризм және спорт министрлігі қай спорт түрінің Instagram-да оқырманы ең көп екенін жариялады.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алған болатын. Оның ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отырса, 21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады.

Сонымен, Instagram-да оқырманы ең көп спорт түрлері:

Бокс — 184 мың оқырман;

Дзюдо — 127 мың;

Таеквондо — 37,3 мың;

Теннис — 31,9 мың;

Күрес — 31,3 мың;

Нысана көздеу — 19,8 мың;

Велоспорт — 10 мың;

Жеңіл атлетика — 8 678;

Триатлон — 6 585;

Үстел теннисі — 5 905;

Гимнастика — 3 465;

Жүзу — 3 049;

Каноэде ескек есу — 2 896;

Семсерлесу — 2 327;

Құзға өрмелеу — 1 501;

Брейкинг — 1370;

Садақ ату — 1 017;

Бадминтон — 625; Қазіргі бессайыс — 515.

Басқа спорттық жаңалықтар