Бокс

Ломаченконы жеңген Лопес жеңілмеген Кроуфордпен жұдырықтаспақ

Ломаченконы жеңген Лопес жеңілмеген Кроуфордпен жұдырықтаспақ
vRINGe.com

Жеңіл салмақта әлемнің экс абсолют чемпионы америкалық Теофимо Лопес жеңіліп көрмеген отандасы, екі салмақта абсолют чемпион болған Теренс Кроуфордпен айқасуға ниетті. 

«Теренс Кроуфорд. Сынақты жаным сүйеді. Басқаша қалай дамисың? Басқаша ұлылыққа қалай жетпекпін?» – дейді Лопес.

Айта кетейік, Кроуфорд қазір бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ал Лопес жеңіл және бірінші орта салмақта да жұдырықтасады. 

Еске салайық, 2020 жылы Лопес украиналық Василий Ломаченконы жеңіп, әлемнің абсолют чемпионы атанған еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар