Футбол

"Реал" тарихындағы ең мықты 50 ойыншының рейтингі жарияланды

FootballHD

Ұлбританияның FourFourTwo басылымы Мадридтің "Реал" клубы тарихындағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады.

Тізімнің көш басында Криштиану Роналду.  Португалдық футболшы "корольдік клубта" 2009-2018 жылдар аралығында ойнады. Мансабындағы ең жұлдызды шағы да осы клуб сапында өтті деуге болады. Команданың ең үздік сұрмергені (438 ойында 450 гол соққан) атанды. Испаниядағы атақтарын қоспағанда, Чемпиондар лигасын 4 рет жеңіп алды.

  Роналдудан кейін команданың үздік футболшысы құрметіне Альфредо Ди Стефано ие болған. Үштікке Зиннедин Зидан енген. 

"Реал" тарихындағы үздік футболшылардың ондығы: 1. Криштиану Роналду 2. Альфредо Ди Стефано 3. Зинедин Зидан 4. Серхио Рамос 5. Икер Касильяс 6. Франсиско Хенто 7. Рауль 8. Сантьяго Бернабеу 9. Ференц Пушкаш 10. Луиш Фигу. 

Толық тізіммен мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. 

Басқа спорттық жаңалықтар