Футбол
Гвардиола былтырғы тревлдің сарқыншағы командаға әлі де әсер етіп жатқанын мойындады
"Манчестер ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола өткен маусымдағы требл командаға физикалық және моральді тұрғыда да әсер еткенін мойындады. Клубтың күші сарқылғаны сонша, оның сарқыншағы әлі де сезіліп жатыр екен.
"Сити" биылғы маусымды жақсы бастады, алайда Лига кубогі мен премьер-лигада ұтылып қалды. Әйтеуір кейінгі матчте команда "Брайтонды" 2:1 есебімен ұта алды. Гвардиола требл үлкен күшпен келгендіктен шаршаңқылық әлі де барын мойындағанымен, қазіргі басты мақсат премьер-лигадағы деңгейін сақтап қалу деп отыр.
Гвардиола премьер-лигадағы титулды төртінші рет қатарынан ұту мақсатын қойып отыр, мұндай әлі ешкімнің қолынан келмегенін айта кетейік.