Кәсіби бокс

Боксшы жеңіл салмқақа ауыса ала қарсыласын нокаутқа түсірді

Боксшы жеңіл салмқақа ауыса ала қарсыласын нокаутқа түсірді
Видеодан кадр

Аустралияның Вуллонгонг қаласында өткен кеште жергілікті боксшылар Лиам Уилсон (14-3, 8 КО) мен Юссеф Диб (21-2, 11 КО) жұдырықтасты.

Жеңіл салмақта (61,2 кг) алғашқы жекпе-жегін өткізген Уилсон қарсыласын нокаутқа түсірді. Лиам үшінші раундта-ақ қарсыласынынң мұрнын бұзды. Бірақ бесіншісінде Диб жауап ретінде Уилсонның бетін жырды.

8 раундта шабуылға беріліп кеткен Диб ауыр хук өткізіп алды. Артынша тағы бір соққы, сонымен жекпе-жек те аяқталды.


Басқа спорттық жаңалықтар