2024 Еуропа Чемпионаты
Суперкомпьютер Еуро-2024 жеңімпазын атады
x.com/EURO2024
Opta сарапшылары суперкомпьютер арқылы Еуропа чемпионаты финалында Испания мен Англия арасында кім ұтатынын болжады.
Ол бойынша Испанияның чемпион атану мүмкіндігі 57,3 пайыз, ал Англияның жеңіске жету ықтималы– 42,7 пайыз екен.
Финалдық матч 15 шілдеге қараған түні Берлиндегі "Олимпиаштадион" алаңында өтеді. Басталуы Қазақстан уақытымен 00:00.