Теннис

Астанада теннистен Президент кубогі халықаралық турнирі өтеді

Астанада теннистен Президент кубогі халықаралық турнирі өтеді
olympic.kz

Астана қаласындағы Beeline arena ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында 14-28 шілде аралығында Президент кубогі үшін ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour жарыстары өтеді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Президент кубогі үшін дәстүрлі халықаралық турнир осымен 17 рет ұйымдастырылып отыр.

Биыл бұл жарысқа Григорий Ломакин, Әмір Омарханов, Аружан Сағындықова, Соня Жиенбаева, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар Қазақстан намысын қорғайды.

Президент кубогі 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. 2007 жылы жарыс халықаралық мәртебеге ие болды.

Басқа спорттық жаңалықтар