2024 Еуропа Чемпионаты
Томас Мюллер 2024 жылғы Еуродан кейін карьерасын аяқтады
Global Look Press
Тарихтағы ең титулды германиялық футболшысы Томас Мюллер ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайтын болды, деп хабарлайды Bild басылымы.
Германия 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Испаниядан ұтылғаннан кейін Мюллер карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, шабуылшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы түпкілікті шешім қабылдады. Дегенмен 34 жастағы ойыншы клуб деңгейінде өнер көрсетуді жалғастырады - оның мюнхендік «Бавариямен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін қарастырылған.