Теннис

Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына жетті

Рыбакина Уимблдонның жартылай финалына жетті
x.com/Wimbledon

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалындағы ойынын өткізді.

Қазақстандық теннисші бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, 17 WTA турнирінің чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Элина Свитолинамен кездесті.

Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Отандасымыз 1 сағат бір минутқа созылған матч кезінде жеті эйспен бірге алты брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина турнирдің финалына шығу үшін латвиялық Елена Остапенко мен чехиялық Барбора Крейчикова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар